Wildberries иесі бүтін бір әуежайды сатып алды

/
Wildberries иесі бүтін бір әуежайды сатып алды
сурет: РБК

Wildberries Ингушетиядағы әуежайды сатып алды: компания 425 млн рубльге «Магас» халықаралық әуежайының 100% акциясын иеленді. Бұл туралы аймақ басшысы Махмуд-Али Калиматов хабарлады, деп хабарлайды turkystan.kz interfax.ru-ға сілтеме жасап.

Алғашқыда нысан 250 млн рубльге бағаланған, алайда аукционға екі компания қатысқан соң баға 425 млн-ға дейін көтерілген. Саудадан түскен қаражат республиканың әлеуметтік бағдарламаларына жұмсалмақ.

Калиматовтың айтуынша, бұл серіктестік аймақтың көлік инфрақұрылымын жаңғыртып, экономикаға серпін береді. Жаңа инвестициялар арқылы әуежайдың өткізу қабілеті мен қауіпсіздігі артып, халықаралық бағыттар ашылады деп күтілуде. Бұл қадам туризмді дамытып, жаңа жұмыс орындарын құруға да ықпал етпек.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары