Степногорскте кішкентай екі баланың үстіне бір қазан ыстық сорпа төгіліп кеткен

/
Степногорскте кішкентай екі баланың үстіне бір қазан ыстық сорпа төгіліп кеткен
видеодан скриншот

ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы Степногорск қаласынан Көкшетауға кішкентай науқастарды шұғыл жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

2020 және 2023 жылы туған екі бүлдіршін үстілеріне ет қайнап жатқан қазанды аударып алған. Балалар қайнаған сорпадан күйік жарақатын алып, күйік шогын бастан кешірген.

Балалардың жағдайы қалалық ауруханада тұрақтандырылды. Одан кейін ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағымен шұғыл түрде Көкшетаудағы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Степногорск қалалық полиция басқармасы балаларға қатысты болған оқиғаға пікір білдірді.

«Қала тұрғыны болған екі кішкентай баланың термиялық күйік алуы фактісі Степногорск полиция басқармасында тіркелді, тексеріс жүргізілуде, оқиғаның мән-жайы анықталуда», — делінген ведомство хабарламасында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары