Алматылық «Қайрат» клубы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы турын өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазақстан чемпионы сырт алаңда лиссабондық «Спортингке» қарсы кездесу өткізді.
Кездесу 4:1 есебімен аяқталды. Лиссабондықтар сапында 44 минутта Тринкан (1:0), 64 минутта Тринкан (2:0), 66 минутта Сантос (3:0) және 68 минутта Кенда (4:0) гол соқты. Ал алматылықтардан жалғыз голды 86 минутта Эдмилсон салды.
Ерекше атап өтерлігі, 18 жастағы қақпашы Шерхан Қалмырза 21-минутта Мартен Юльманн тепкен пенальтиді кері қайтарды.
Енді «Қайрат» Чемпиондар лигасы аясындағы келесі матчын 30 қыркүйекте өз алаңында «Реал Мадридке» қарсы өткізеді.