Өскеменде көлік жөндеуші өзгенің Lexus автокөлігін теуіп кеткен

/
Өскеменде көлік жөндеуші өзгенің Lexus автокөлігін теуіп кеткен
istockphoto.com

Өскеменде полиция өзгенің көлігін заңсыз теуіп кеткен күдіктіні "ізін суытпай" ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полицияға қала тұрғыны бейтаныс ер адамның техникалық қызмет көрсету орталығы аумағында тұрған Lexus автокөлігін заңсыз теуіп әкеткені туралы арыз түсірген. Келтірілген шығын көлемі – 7 млн 500 мың теңге.

Полиция жедел іс-қимылының нәтижесінде, бейнебақылау камераларының көмегімен күдіктінің ізін суытпай қолға түсірді. Ол – 31 жастағы техникалық қызмет көрсету орталығының механигі болып шықты.

Сондай-ақ оның бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

Аталған факті "Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция азаматтарға сақтық шараларын қатаң сақтап, автокөліктерін тек күзетілетін тұрақтарда немесе сенімді орындарда қалдыру керек екені туралы ескертеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары