Теннисші Жібек Құламбаева алғаш рет WTA сериясындағы турнирдің жеңімпазы атанды

/
Теннисші Жібек Құламбаева алғаш рет WTA сериясындағы турнирдің жеңімпазы атанды
olympic.kz

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Қытайдың Хучжоу қаласында өткен WTA 125 сериясындағы турнирде жеңіске жетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жібек финалда словениялық Вероника Эрьявецпен жұптасып, жапондық Аяно Шимицу/Момоко Кобориді 6:4, 6:2 есебімен ұтты.

Бұл 25 жастағы Жібектің WTA турнирлеріндегі жұптық сайыстағы алғашқы жеңісі болды. Бұған дейін ол ITF турнирлерінде 35 рет жеңіске жеткен.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары