Танымал блогердің кішкентай ұлы көлік жүргіземін деп қоршауға соғылды (ВИДЕО)

/
Танымал блогердің кішкентай ұлы көлік жүргіземін деп қоршауға соғылды (ВИДЕО)

Әлеуметтік желі қолданушысы, блогер Карина Оксукпаева өз балаларының аулада көлікпен қауіп төндіретін жағдайға тап болғанын айтып, бейнежазба жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жазбада көрініс тапқандай, блогердің қос ұлы үй ауласында тұрған көлікке отырып, оның бірі тіпті рөлге жайғасады. Көп ұзамай көлік орнынан қозғалып, үй бұрышына және қоршауға соғылып барып бір-ақ тоқтайды. Кейін балалар көліктен түсіп, асығыс кетіп қалады.

Оқиға туралы баяндаған Карина ханым бұл сәтте кіші ұлын бақылап отырғанын, сол себепті үлкенінің көлік кілтін алып, сыртқа шыққанын байқамай қалғанын айтты.

“Сыртқа шықсам, көлік қозғалып бара жатыр. Елестетіңізші, балам рөлде отыр. Мен жүгіріп барып, көлікті тоқтаттым. Бұл жағдайдан өзіміз үшін қандай сабақ алуымыз керек?” – деп бөлісті блогер.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары