Демократиялық Конго Республикасында жолаушылар қайығы аударылып, 86 адам қаза тапты

/
Демократиялық Конго Республикасында жолаушылар қайығы аударылып, 86 адам қаза тапты

Демократиялық Конго Республикасының (ДКР) батысындағы Экваториал провинциясында жолаушылар катері апатқа ұшырап, алдын ала мәліметтер бойынша 86 адам қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Басанкусу маңындағы Баринга өзенінде қозғалып келе жатқан моторлы қайық белгісіз себеппен аударылып қалған. Ауыл тұрғындарының көмегімен сегіз адамды құтқарып қалу мүмкін болды.

Қайғылы оқиғаның себебі ретінде кеменің шамадан тыс жүк тиеуі және түнгі уақытта қозғалғаны қарастырылып отыр.

Құтқару жұмыстары жалғасуда. Алайда қайықта нақты қанша адамның болғаны әзірге белгісіз.

Тропикалық климатқа, ормандарға, өзендерге және көлдерге бай бұл елде ірі қалалардан тыс көлік жүйесі нашар дамыған. Сондықтан тұрғындар жиі су көлігін пайдаланады. Алайда ескі, нашар күтім көрген және көбіне шамадан тыс жүктелген қайықтарды қолдану жиі адам өліміне әкелетін апаттарға себеп болып жатады. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары