Осы аптада Алматыда заманауи өнер музейі ашылды. Almaty Museum of Arts-тың миссиясы – заманауи өнер үдерістерін қолдау және зерттеу, олардың әлемдік мәдениеттегі маңызын ашу. Музей қорына Қазақстаннан және басқа да елдерден жиналған 700 өнер туындысы енді.
Жалпы аумағы 10 мың м²-ден асатын музей ғимаратын британдық Chapman Taylor сәулет бюросы жобалаған. Бірінші қабатта кең көрме залдары орналасқан, соның ішінде «Ұлы дала» және «Сарыарқа» залдары бар. Орталық кеңістік Art Street атриумына берілген, ол Шарын шатқалының табиғи пішіндерін бейнелейді. Сондай-ақ мұнда кәсіби қор сақтау орны, реставрациялық орталық және «Шеберхана» атты креативті кеңістік орналасқан.
Музей коллекциясының 70 пайыздан астамы ХХ ғасырдың көрнекті қазақстандық суретшілердің еңбегінен тұрады. Атап айтсақ, Жаңатай Шәрденов, Тоқболат Тоғызбаев, Мақым Қисамединов және Шаймардан Сариевтің шығармалары қойылған. Сондай-ақ қазақстандық заманауи өнердің негізгі тұлғалары атанған Рүстем Хальфин, Сауле Сүлейменова және Саид Атабековтің жұмыстары да бар. Болашақта музей өз коллекциясын толықтырып, мақсатын жалғастыра бермек. Мұражай Қазақстан мен Орталық Азия аймағындағы өнерді ұсыну және зерттеу және халықаралық деңгейде танытуды мақсат етеді. Музей бүгіннен бастап жұмысын бастайды.