Маңғыстау облысында болған жол апатынан 10 адам қаза тапты

/
Маңғыстау облысында болған жол апатынан 10 адам қаза тапты

Бүгін, 11 қыркүйекте Қарақия ауданындағы Сенек ауылынан 90 шақырым жерде орналасқан автожолда шағын автобус аударылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға орнында сегіз адам қаза тауып, тағы екеуі ауруханаға барар жолда көз жұмған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Hiace автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, салдарынан көлік жол жиегіне аударылып кеткен. Салонда жолаушылар болған.

Жол апатынан 10 адам қаза тапты: сегізі оқиға орнында, тағы екеуі ауруханаға жеткізу кезінде көз жұмды. Жүргізуші мен екі жолаушы түрлі жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, қажетті сараптамалар тағайындалды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары