Бразилияның Палмейра-дус-Индиос қаласында таңғаларлық жағдай болды: 90 жастағы қария мәйітханада кенеттен тіріліп кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz Mirror басылымына сілтеме жасап.
Ер адам 1 қыркүйекте ауруханаға түскен. Келесі күні оның жүрегі мен тынысы тоқтап, дәрігерлер қолдан келгенін жасап көргенімен, барлығы бекер болған. Ресми түрде қайтыс деп тіркеліп, денесі мәйітханаға жеткізілген. Таңғы алтыда туыстары қоштасуға келгенде, ер адамның дем алып жатқанын байқап, тамырын тексерген. Дәрігерлер оның тіршілік белгілері қайта пайда болғанын растаған.
Алайда, өкінішке қарай, ер адам есін жимастан сол күні қайтыс болды.
Мамандар бұл құбылысты «Лазар эффекті» деп атайды. Яғни жүрегі тоқтаған адам кейде реанимациядан кейін қысқа уақыт ішінде өмір белгілерін көрсетуі мүмкін. Мұндай жағдайлар өте сирек кездеседі, бірақ медициналық әдебиетте бірнеше рет тіркелген.
Клиника барлық протоколдың сақталғанын айтты және қызметкерлердің қателеспегенін растады. Құзырлы органдар мен сарапшылар оқиғаның егжей-тегжейін зерттеуде.
Туыстары мен көршілер үшін бұл оқиға таңғажайып жағдайға ұқсап, үлкен әсер қалдырды. Дәрігерлер атап өткендей, бұл – нағыз медициналық ғажайып емес, бірақ адамның денесінің жұмбақ мүмкіндіктерін көрсететін ерекше құбылыс.