Шығыс Қазақстан тұрғыны итін көлікке байлап алып сүйреген (ВИДЕО)

/
Шығыс Қазақстан тұрғыны итін көлікке байлап алып сүйреген (ВИДЕО)
istockphoto.com

Алтай қаласының 49 жастағы тұрғыны итін автокөліктің қосалқы дөңгелегіне байлап, жолға шыққан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Куәгерлер болған оқиғаны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған. Бұл қоғамда үлкен наразылық тудырды.

Кейін жүргізуші жануардың әдеттегі орнын тастап кеткісі келмей, тырналып, тістегенін айтып ақталды. Алайда оның түсіндірмесі жауапкершіліктен құтқарған жоқ.

«Полиция автокөлікке итті байлап алып жүрген жүргізушіні анықтады. Алтай қаласының 49 жастағы тұрғыны жануарға қатыгездік көрсеткені үшін жауапкершілікке тартылды. Учаскелік инспектор жануардың жағдайының жақсы екеніне көз жеткізген соң, иесімен профилактикалық әңгіме жүргізді. Оған жануарларды тасымалдау ережелері мен қатыгездік көрсеткені үшін қарастырылған жауапкершілік туралы заң нормалары түсіндірілді», – деп хабарлады ШҚО Полиция департаменті.

Ер адамға 20 АЕК – 78 640 теңге көлемінде айыппұл салынды.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары