Бокстан ӘЧ: Аида Әбікеева Олимпиада чемпионын жеңіп, жартылай финалға шықты

/
Бокстан ӘЧ: Аида Әбікеева Олимпиада чемпионын жеңіп, жартылай финалға шықты
Сурет: Сали Сабиров

Қазақстандық Аида Әбікеева бокстан Ливерпульдегі әлем чемпионатының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұрымды боксшымыз 65 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатыр.

Аида ширек финалда Олимпиада чемпионы түркиялық Бусеназ Сюрменелимен кездесті.

Отандасымыз алғашқы раундтан-ақ қарсыласын тығырыққа тіреді. Нәтижесінде төрешілердің шешімі бойынша 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Аида Әбікеева (65 келіге дейін) кем дегенде әлем чемпионатының қола медаль иегері атанды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары