Әнші отбасындағы қайғылы жағдайдан кейін алдағы жоспарларын бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Сүйікті менің оқырмандарым! Жақында, отбасымда болған қайғылы жағдайды білген боларсыздар… Осыған байланысты, жоспарланған концерттерімнен бас тартамын деп ойладым. Бірақ, жақындарым мен ұстазым, Бибігүл Ахметқызының әңгімесінен кейін қаншалықты қиын болса да, концертті жоспар бойынша жасауды шештік. Анам өмірді сүйіп өтті. Бұл қасиет маған да дарыған шығар. Анамның арманы осы концертті көру болды. Сондықтан Анашымның арманын орындап, тағзым етіп, Анама арнаймын», – деп жазды әнші.