Таиландта арыстандар тобы зообақ қызметкерін тірідей жеп қойды

/
Таиландта арыстандар тобы зообақ қызметкерін тірідей жеп қойды

Таиландта арыстандар тобының зообақ қызметкерін туристердің көз алдында тірідей жеп қойды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Daily Mail басылымы жазды.

Бангкоктағы «Сафари әлемі» саябағында жергілікті уақытпен таңғы сағат 11:00 шамасында қызметкер жыртқыштар орналасқан ашық вольерге өзінің джипінен түскен сәтте шабуылға ұшырады. Шошыған келушілер айқайлап, жыртқыштар құрбанын жерге жығып алып, адам етін жеп жатқанда көмекке ұмтылды.

Зообаққа келгендер, соның ішінде бірнеше қызметкер, арыстандарды үркіту үшін белгі беріп, айқайлады. Көп ұзамай қарулы қызметкерлер жетіп келіп, жыртқыштарды қуған. Алайда ол кезде зообақ қызметкері қаза тауып үлгерген еді: арыстандар оның денесін сүйегіне дейін кеміріп тастаған. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары