Маңғыстауда пәтерде бірнеше күн жатқан мәйіт табылды

/
Маңғыстауда пәтерде бірнеше күн жатқан мәйіт табылды
istockphoto.com

Ақтау қаласы 11-шағынаудандағы көпқабатты үйде қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды turkystan.kz сайты Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, 11-шағынаудандағы №6 үйдің тұрғындары екінші қабаттағы пәтерден шыққан жағымсыз иісті сезіп, полицияға хабарласқан.

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары есікті қаққанымен, үй иесі ашпаған. Құтқарушылар шақырылып, олар балкон арқылы пәтерге кірген. Іштен бірнеше күн бұрын қайтыс болған ер адамның денесі табылды.

Полиция дерегінше, бұл – биологиялық өлім, зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.

Марқұм 67 жаста болған және жалғыз өзі тұрған. Белгілі болғандай, ол шамамен он күн бұрын жүрек ауруына байланысты ем қабылдап, ауруханадан шыққан.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары