Алматы тұрғыны ақша айырбастауға келген адамның 13 млн теңгесін ұрлап кеткен

/
Алматы тұрғыны ақша айырбастауға келген адамның 13 млн теңгесін ұрлап кеткен
istockphoto.com

Алматыда айырбастау пунктінің қасында белгісіз адам қала тұрғынынан 13 млн теңге ұрлап кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полиция қызметкерлері күдіктіні – 39 жастағы Алматы тұрғынын анықтап, ұстады.

«Тінту барысында оның тұрғылықты жерінен ақша, қылмыс жасалған сәтте бейнежазбадан байқалған киім, сондай-ақ өзге де заттай дәлелдер тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық істі тергеу жүріп жатыр, оның басқа да осындай фактілерге қатысы тексерілуде», – деді Алмалы ауданы полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары