«Аружан үйіме қонып жүрді»: Талғарда қыздың ағасын өлтірген жігіттің анасы өз шындығын айтты

/
«Аружан үйіме қонып жүрді»: Талғарда қыздың ағасын өлтірген жігіттің анасы өз шындығын айтты
видеодан скриншот

Бірнеше күн бұрын Талғар ауданының Қызылқайрат ауылында қанды қылмыс болған еді. Жас жігіт бұрын көңіл жарастырған қалыңдығының ағасын атып кеткен болатын, деп жазады turkystan.kz.

Бүгін күдікті ретінде ұсталған жігіттің анасы желіге видео жүктеп, өз шындығын айтты.

«Талғардағы жігітті атып өлтірген Еламан Айғазиновтың анасымын. Жалғызбасты анамын. Баламның істегенін дұрыс демеймін. Алла алдында, ел алдында ұлым өз жазасын алады. Қолымен істегенін мойнымен көтереді. Бірақ ол бала қолына мылтық алып неге атты, неге ондайға барды деп сұрап отырған ешкім жоқ. Мылтық алып, құр босқа жігіріп кетпейді. Бар білген шындығымды айтамын. Жазбаған журналисім жоқ. Шу шығарып отырған Аружаннан не үшін менің балам қонына мылтық алып үйіне барғанын сұраңыз. Аружан үйіме келіп, адал асымды ішіп, ақ орамалымды тағып, қонып жүрген қыз. Еламанды мылтық алып мұндай күйге қалай жеткізгендеріңді айт. Шындықты айт, болмаса мен өзім айтамын», – дейді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары