Қазақстанда қару жасырылған 12 қойма анықталды

/
Қазақстанда қару жасырылған 12 қойма анықталды
polisia.kz

Ішкі істер министрлігі қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңсыз айналымнан тәркілеу бойынша жұмысты жүйелі негізде жүргізеді. Бұл жұмыс жедел-профилактикалық іс-шаралардың аясында да жалғасады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Биыл 1 қыркүйектен бастап елімізде республикалық "Учаске" жедел алдын-алу іс-шарасы өткізілуде. Оның шеберінде:

  • заңсыз айналымнан 50-ге жуық қару, сонымен қатар 500-ден астам оқ-дәрі және 6 жарылғыш зат алынды;
  • қару жасырылған 12 қойма анықталды;
  • "қаңтар" оқиғасы кезінде ұрланған 6 дана қару және полицияның арнайы жабдықтары тәркіленді: оның біреуі Калашников автоматы, бір тапанша, екі ойық мылтық және екі тегіс ұнғылы қару, сонымен қатар қызметтік бронежилеттер мен каскалар бар;
  • азаматтар тарапынан 15 қару өз еркімен тапсырылды.

- 21 мыңнан астам азаматтық қару тексеріліп, онда 400-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 5 қыркүйекте Алматы облысында жергілікті тұрғындар ұсталды, олардан қаңтар оқиғасы кезінде Алматы қаласында ұрланған арнайы мылтық тәркіленді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, - деді ІІМ криминалдық полиция департаменті басқарма бастығының орынбасары Жандос Батырбеков.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары