Павлодар облысында қауіпті инфекция анықталды

/
Павлодар облысында қауіпті инфекция анықталды
istockphoto.com

Туляремия Ивановка және Тереңкөл ауылдарында тіркелді. 4 және 15 жастағы екі бала ауырып қалды. Тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтау және вакцина салдыру ұсынылуда, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ауыл тұрғындарына қауіпсіздік шараларын сақтап, вакцинациядан өтуге кеңес берілуде.

“Аудандық әкімдік Тереңкөл және Ивановка ауылдарында ішкі елді мекендік дератизациялық өңдеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр”, – деді аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Арман Рақышев.

Ол туляремия – адамдарға кеміргіштерден, қан сорғыш жәндіктердің шағуынан жұғатын қауіпті инфекциялық ауру екенін еске салды. Сондай-ақ ол жұқтырған тағам немесе суды пайдалану арқылы да таралуы мүмкін.

Аудан билігі тіркелген жағдайларға байланысты халықты сақтық шараларын ұстануға шақырады. 7 жасқа дейінгі балаларды, 55 жастан асқан адамдарды және қарсы көрсетілімі барларды қоспағанда, барлық тұрғындарға медициналық мекемелерде туляремияға қарсы вакцина салдыру ұсынылады.

Анықтама: туляремия қызбамен, интоксикациямен, лимфа түйіндерінің зақымдануымен, терідегі жаралармен көрінеді, сондай-ақ көзге, өкпеге және ішекке әсер етуі мүмкін.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары