Шақыртумен науқасқа барған дәрігер 18-қабаттан құлап қаза тапқан

/
Шақыртумен науқасқа барған дәрігер 18-қабаттан құлап қаза тапқан
сурет: istockphoto.com

Мәскеуде жедел жәрдем дәрігері жұмбақ жағдайда көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz Mash Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Оқиға қаланың батысындағы элиталы тұрғын үй кешенінде болған. Ақпаратқа сәйкес, түнде дәрігер әріптестерімен бірге шақыртуға барып, 18-қабаттағы пәтерге көтерілген. Онда науқас бала болған.

Біраз уақыттан кейін дәрігердің терезеден құлап кеткені белгілі болды. Оның қандай себеппен құлағаны әзірге анықталмаған.

Кешеннің консьержі дәрігерлер бригадасының пәтерге кіргенін көргенін айтқан. Кейін тағы бір жедел жәрдем көлігі келгенін байқаған. Ол құлаған дәрігерге көмек көрсету үшін шақыртылған екен. Өкінішке қарай, әріптестері оны аман алып қала алмады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары