Балқашта полицей қызметтік көлікпен әйелін базарға апарып, азық-түлік тасыған

/
Балқашта полицей қызметтік көлікпен әйелін базарға апарып, азық-түлік тасыған
видеодан скриншот

Әлеуметтік желілерде полицейдің отбасы қызметтік автокөлікті базарға бару үшін пайдаланған сәті түсірілген видео тарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл жағдай Балқаш тұрғындары арасында қызу талқылауға себеп болды. Кадрларда полицей формасындағы ер адам жұбайымен бірге сатып алған азық-түліктерін қызметтік көлікке салып жатқанын көруге болады.

Қарағанды облыстық полиция департаменті бейнежазбаның шынайылығын растады және бұл факт бойынша қызметтік тексеріс жүргізілгенін хабарлады.

«Автокөліктің шынымен Балқаш қалалық полиция бөліміне тиесілі екені анықталды. Түскі уақытта қызметкердің жұбайы қоңырау шалып, олардың кәмелетке толмаған үш баласы үйде жалғыз қалғанын хабарлаған. Сондай-ақ ол үйге азық-түлік жеткізіп беруін сұраған. Осыған байланысты қызметкер қысқа уақыт ішінде отбасына көмек көрсеткен. Аталған жағдай оның қызметтік міндеттерін орындауына әсер еткен жоқ», – деді облыстық ПД өкілі.

Полиция бұл жағдайды «адамдық факторға байланысты» деп бағалайтынын атап өтті және «департамент қоғамның сын-пікіріне ашық әрі азаматтардың сенімін арттыру бағытында жұмысты жалғастырады» деп қосты.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары