"Ауру масаларды таратады": Бразилияда маса шығаратын "фабрика" ашылды

/
"Ауру масаларды таратады": Бразилияда маса шығаратын "фабрика" ашылды
сурет: nature.com

Бразилия жұқпалы ауруларды тоқтату мақсатында арнайы "маса фабрикасын" іске қосты, деп хабарлайды turkystan.kz nature.com-ға сілтеме жасап.

Онда апта сайын 100 млн Wolbachia бактериясын жұқтырған масалардың жұмыртқалары шығарылады. Бұл бактерия денге, зика және чикунгунья вирусы тарап кетпеуінің алдын алады.

Масалар қалалар мен елді мекендерге жіберіледі, олар басқа масалармен шағылысып, қорғаныс бактериясын таратады. Нәтижесінде жұқпалы аурулардың таралуы 69%-ға төмендейді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары