Бүгін Екатеринбургтен Анталияға бағыт алған "Azur Air" әуе компаниясының ұшағы Атырау әуежайына шұғыл қонды, деп хабарлайды turkystan.kz сайты
«Атырау Today » телеграм арнасының жазуынша, бортта 300-ден астам жолаушы болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, бұған техникалық ақау себеп болған. Экипаж жақын әуежайға шұғыл қонуға сұраныс берген.
Қону сәтті өтті, зардап шеккендер жоқ, - делінген хабарламада.