Жамбылдық бойжеткен желіде танысқан жігітке 1,5 млн теңге беріп жіберген

/
Жамбылдық бойжеткен желіде танысқан жігітке 1,5 млн теңге беріп жіберген
istockphoto.com

Жамбыл облысында қыз бен жігіт 2025 жылдың маусым айында TikTok әлеуметтік желісінде танысқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жігіт қызға өзінің қиын жағдайда қалғанын айтып, бірнеше рет қарыз сұраған.

«Жауапкер Түркияға ота жасатуға баратынын, қарызды оралғаннан кейін қайтаратынын және отадан оянған соң хабарласатынын айтқан, алайда сол күйі байланысқа шықпаған. Жауапкер талапкерден 1,4 млн теңгеден астам қаражат алған. Талапкер сотқа қарыз сомасын – 1,4 млн теңгені және 1 млн теңге көлемінде моральдық шығынды өндіру туралы талаппен жүгінді. Істі қарау барысында тараптар дауды медиация тәртібімен шешу туралы келісімге келген. Келісімге сәйкес, жауапкер талапкерге 1,4 млн теңге қарызды қайтаруға міндеттеледі, ал талапкер жауапкерге қандай да бір шағым қоюдан бас тартады», – деп хабарлады Жамбыл аудандық сотының баспасөз қызметі.

Сот келісімді бекітті, іс тоқтатылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары