Футбол клубтарын жекешелендіру жұмысын жеделдету керек – Президент

/
Футбол клубтарын жекешелендіру жұмысын жеделдету керек – Президент
сурет: istockphoto.com

Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында футбол клубтарын жекешелендіруге қатысты жұмысты тездету керек екенін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Келесі мәселе. Бұл – жасанды интеллекті дәуіріндегі мәдениет пен өнердің дамуы. Осы салаға бұрынғыдай айрықша мән береміз, тиісті инфрақұрылымды саламыз және қажет болса жөндеуден өткізіп, қалпына келтіреміз. Өнер адамдары еліміздің мәдениетін, салт-дәстүрін шетелге паш етіп жатыр. Бұл – құрметке лайық жұмыс. Сондықтан мәдениет қайраткерлеріне қажетті қолдауды көрсетеміз. Бірақ олар жаңа заманның талабына бейімделіп жұмыс істеуі керек.Баршаңызға мәлім, мен бұқаралық спортты дамытуға баса мән беремін. Аймақтарда спорт нысандары бой көтеріп жатыр. Үйірмелер балаларға қолжетімді бола бастады, – деді Президент.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы ерекше қажеттілігі бар азаматтарға және егде адамдарға арналған спорт клубтары ашылып жатқаны, сондай-ақ кәсіби спорт саласында оң өзгерістер болып жатқанын жеткізді. 

Мен бұған дейін шетелден келген спортшыларға бюджеттен қаржы бөлуді шектеу туралы тапсырма бердім. Депутаттар бұл бастаманы қолдап, арнайы заң қабылдады. Бұл – өз спортшыларымызды қолдауға арналған маңызды қадам. Бірақ мұнымен шектеліп қалуға болмайды, алға қарай жүруіміз керек. Футбол клубтарын жекешелендіруге қатысты жұмысты тездету керек. Қазір еліміздің төрт футбол клубына белгілі кәсіпкерлеріміз ие болды, яғни, клубтар жекеменшікке өтіп жатыр. Сол үшін оларға ризашылығымды білдіремін. Дегенмен футболды коммерцияландыру ісін жалғастыра беру керек. Мұндай қадамсыз Қазақстанда футбол дамымайтынын әлемдік тәжірибеден көріп отырмыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Президенттің сөзінше, қазіргі заманда кәсіби спортты қомақты табыс әкелетін бизнес-индустрия ретінде қарастырылуы керек.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары