Әйел адам Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданы маңындағы трассада көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Апат қыркүйектің жетісіне қараған түні Жезқазған — Петропавл автожолында болған.
Audi көлігінде ер адам мен әйел жүрген. Жұп түннің кеш уақытында туыстарынан қайтып келе жатқан. Жүргізуші рөлге ие бола алмай, көлік жол жиегіне түсіп кеткен.
«Жол-көлік оқиғасының салдарынан Audi автокөлігінің 41 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. 36 жастағы жүргізуші жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді», — деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы ПД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.