Көкшетауда полицейлер ер адамды өрттен аман алып қалды

/
Көкшетауда полицейлер ер адамды өрттен аман алып қалды
polisia.kz

Көкшетауда полицейлер өрттің алдын алып, ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Түнгі сағат 03:00 шамасында полицияға Жамбыл көшесі 157 мекенжайындағы тұрғын үйде қатты түтін шыққаны туралы хабар түскен. Бұл туралы көршілер хабарлаған.

Оқиға орнына бірінші болып жеткен полиция қызметкерлері –Азамат Албаков пен Райымбек Сабитов үшінші қабаттағы пәтердің есігін ашып, бөлмелердің бірінде ұйықтап жатқан пәтер иесін сыртқа алып шыққан. Ер адам үйі түтіндеп жатқанын сезбеген. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол мас болған.

Үйде матрацтар жанған. Полиция жедел түрде жанып жатқан матрацтарды көшеге шығарып, қолда бар құралдармен сөндірген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары