«Елге оралған соң арыз жазамын»: Әли Әлиев ұлттық құрама бас бапкері қызметінен кететінін мәлімдеді

«Елге оралған соң арыз жазамын»: Әли Әлиев ұлттық құрама бас бапкері қызметінен кететінін мәлімдеді
ҚФФ

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев қызметінен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Қысқа ғана айтқым келеді: жеңілісті өз мойныма аламын, бұл – менің кінәм. Футболшылардың еш қатысы жоқ. Елге оралған соң бірден жұмыстан кету жөнінде арыз жазамын», – деді бас бапкер.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы сырт алаңда Бельгиядан 6:0 есебімен ойсырай ұтылған болатын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары