Абақтыда кітап оқитындардың жаза мерзімі қысқарады

/
Абақтыда кітап оқитындардың жаза мерзімі қысқарады
istockphoto.com

Өзбекстанда сотталғандардың жазасын кітап оқу арқылы қысқартпақ, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жергілікті сенаттың мәліметінше, оныншы пленарлық отырыста бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер енгізілді. Ең басты жаңалық – жазаны кітап оқу арқылы қысқарту мүмкіндігі. Енді бекітілген тізімдегі әрбір оқылған кітап үшін сотталғанның мерзімін үш күнге қысқартуға болады. Жылына ең көп дегенде – 30 күн.

Алайда бұл норма тек шартты түрде мерзімінен бұрын босауға құқығы барларға қатысты. Өмір бойына сотталғандар бұл санатқа қосылмайды.

Сенаторлардың айтуынша, жаңа заң сотталғандарды түзеудің және қылмыстың алдын алудың құралына айналып, азаматтарда заң мен қоғамдық дәстүрлерге құрмет қалыптастырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары