Алматыда мопед мінген әйел жүк көлігіне соғылып, көз жұмды

/
Алматыда мопед мінген әйел жүк көлігіне соғылып, көз жұмды
istockphoto.com

Алматыда қаласында мопед тізгіндеген 54 жастағы әйел жүк көлігіне соқтығысып, қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қайғылы жол апаты бүгін, 5 қыркүйек күні, сағат 8:50-де Жетісу ауданында болған.

«Howo маркалы жүк көлігінің жүргізушісі мопед мінген 54 жастағы әйелмен соқтығысып, өкінішке қарай, ол алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында көз жұмды», – деп хабарлады полиция.

Полиция қылмыстық іс қозғап, қажетті сараптамаларды тағайындады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары