Батыс Қазақстанда аудандық бөлім басшысы мемлекетке 56 млн теңге залал келтірген

/
Батыс Қазақстанда аудандық бөлім басшысы мемлекетке 56 млн теңге залал келтірген
istockphoto.com

Сырым ауданы прокуратурасы тексеріс жүргізіп, ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бұрынғы басшысының жол құрылысы кезінде заң бұзушылықтарға жол бергенін анықтады , деп хабарлайды turkystan.kz.

Тергеу барысында бұрынғы бөлім басшысы қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланып, заңсыз әрекеттерге барғаны және соның салдарынан мемлекетке 56 миллион теңгеден астам көлемде залал келтіргені дәлелденді. 

Сырым аудандық соты бұрынғы бөлім басшысын кінәлі деп танып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. 

Соттың үкімі заңды күшіне енді. 

Прокуратура органдары заңдылықты қамтамасыз ету және мемлекет пен азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бағытындағы жүйелі жұмыстарын жалғастырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары