Алматыдағы «Манхэттен» тұрғын үй кешенінде 22 пәтер интим-қызмет үшін жалға берілген

/
Алматыдағы «Манхэттен» тұрғын үй кешенінде 22 пәтер интим-қызмет үшін жалға берілген
istockphoto.com

Алматы қаласы прокуратурасы екі ай ішінде уәкілетті органдармен бірлесіп, «Манхэттен» тұрғын үй кешенінде кешенді рейдтік іс-шаралар жүргізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жұмыс барысында әрбір пәтер бойынша деректер базасы қалыптастырылды. Ол меншік иелері туралы анкеталық мәліметтерді, олардың жұмыс орны мен байланыс деректерін, тіркелген қарудың болуын, түрлі құқықбұзушылықтар үшін жауапкершілікке тартылған фактілерді, сондай-ақ тұрғын үйді жалға беру жөніндегі ақпаратты қамтиды.

Тексеру нәтижесінде мыңға жуық құқықбұзушылық анықталды, оның ішінде:

120 көші-қон заңнамасын бұзу фактісі;

98 қоғамдық тәртіпті бұзу жағдайы;

114 заңсыз жалға беру фактісі;

интимдік қызмет көрсету үшін пайдаланылған 22 пәтер;

жол қозғалысы ережелерін бұзудың 567 жағдайы;

алкоголь өнімдерін заңсыз сату бойынша 7 дерек.

Прокуратураның, полиция мен мемлекеттік органдардың ауқымды жұмысы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқықтық тәртіпті жақсартуға және мегаполис тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары