Әлеуметтік желілерде жол апаты болған жерден түсірілген фото жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жол-көлік оқиғасы 3 қыркүйек күні шамамен сағат 18:10-да Молдағұлова даңғылында болған.
«Lada-21901 маркалы автокөліктің жүргізушісі Ағайынды Жұбановтар көшесіне қарай жүріп келе жатып, жаяу жүргіншілер жолағынан тыс жерден жолды кесіп өтпек болған 1960 жылғы әйел мен оның 2016 жылғы немересін қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер медициналық мекемеге жеткізілді, алайда әйел алған жарақаттарынан қайтыс болды», – деп мәлімдеді полиция.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды.