Қазақстанда терроризмді насихаттаған 12 адам сотталды

/
Қазақстанда терроризмді насихаттаған 12 адам сотталды
ҰҚК

Биылғы тамызда Қазақстан Республикасының 12 азаматы террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін сотталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Олардың 11-і терроризм идеясын насихаттап, зорлық-зомбылықты ақтап және діни араздыққа шақырған, ал тағы 1-і лаңкестік ұйымға қосылу үшін шетелге шығуға дайындалған.

Олардың барлығы сот шешімімен кінәлі деп танылып, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары