Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасына жеделхат жолдады, деп хабарлайды turkystan.kz.
"Президент Қытайға ресми сапары барысында қазақ делегациясына көрсетілген қонақжайлық пен достық ілтипат үшін Төраға Си Цзиньпинге алғыс айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР басшысымен жүргізген келіссөз нәтижесін жоғары бағалап, екі елдің сан қырлы ынтымақтастығын одан әрі нығайту үшін күш-жігер жұмылдыруға дайын екенін жеткізді", - делінген хабарламада.