Адамның есімі тағдырына әсер етеді деген сөз бар. Психологтардың жаңа зерттеуі көрсеткендей, адамның аты тіпті жұмысқа тұруына әсер етуі мүмкін, деп хабарлайды turkystan.kz sciencedirect.com-ға сілтеме жасап.
«Дыбыстық символизм» феномені бойынша белгілі дыбыстар белгілі қасиеттермен ассоцияланады: жұмсақ, үндесетін дыбыстары бар аттар адамгершілік, ашықтық және командалық жұмысқа бейімділікпен байланыстырылады, ал қатаң дыбыстары көп аттар билікшіл, салқын адам сияқты әсер қалдырады.
Экспериментке қатысушылар бірдей қабілеттері бар кандидаттар арасынан аты жұмсақ естілетін адамдарды жиі таңдайтыны анықталды. Әсіресе «Agreeableness» (адамгершілік) және «Openness» (ашықтық) сипаттары жоғары позициялар үшін бұл тенденция айқын байқалды. Бірақ видеосұхбат немесе визуалды ақпарат болған кезде аттың әсері айтарлықтай төмендейтіні анықталды.
Зерттеу нәтижелері жұмысқа қабылдау процесінде психологиялық әсердің маңызды екенін және адамның аты да кейде шешуші рөл атқара алатынын көрсетеді.