Алматы маңында жер сілкінді

/
Алматы маңында жер сілкінді
istockphoto.com

Қазақстандық сейсмологтар Қытайда жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұлттық деректер орталығының жедел деректеріне сәйкес, 4 қыркүйек күні Астана уақытымен 12:15-те Қытай аумағында магнитудасы 5 жер сілкінісі тіркелді.

Өз кезегінде Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) магнитуданы 4,6 деп көрсетті. Картаға сәйкес, жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 436 шақырым қашықтықта орналасқан.

Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілгені туралы мәлімет жоқ.

Еске сала кетейік, 2 қыркүйек күні күндіз Алматыда 2 баллдық жер сілкінісі тіркелді. Оның эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 319 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан болатын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары