31 тамыз күні сағат 15:00 шамасында 112 нөміріне Қапшағай су қоймасында, 9-шы сорғы станциясының маңында екі ер адам отырған қайықтың аударылғаны туралы хабар түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Олардың бірі жағаға жүзіп шыға алған, ал екіншісі шамамен 400 метр қашықтықта жоғалып кеткен.
Оқиға орнына облыстық ТЖД құтқарушылары жетті. Іздеу жұмыстарының алғашқы сағаттарынан бастап қайықтар мен сүңгуірлер тобы жұмылдырылды.
«Қолайсыз ауа райына және үлкен аумақты тексеру қажеттігіне қарамастан, іздестіру жұмыстары жалғасуда. Қазір 17 құтқарушы, 3 техника, 4 жүзу құралы, дрон және “Эхолот” гидроакустикалық аппараты жұмыс істеп жатыр», - деді ТЖД.