«Баян кешірім сұрағаннан ештеңе өзгерген жоқ»: Талғат Теменов Баян Алагөзованы кешірді ме?

/
«Баян кешірім сұрағаннан ештеңе өзгерген жоқ»: Талғат Теменов Баян Алагөзованы кешірді ме?
Ғаламтор

Біраз уақыт бұрын Баян Алагөзова Дина Төлепбергенге берген сұхбатында жас кезінде өзін киноға түсіріп, жұлдыз жасаған белгілі режиссер Талғат Теменовтен кешірім сұраған еді, деп жазады turkystan.kz.

Режиссер «Айран» подкастына сұхбат беріп, Баянның кешірім сұрауына қатысты пікір білдірді.

«Мұндай сұрақтар каналдың деңгейін түсіреді деп ойлаймын. Бұл жеке қарым-қатынастар ғой. Баянның кешірім сұраған-сұрамағанынан не өзгерді? Ештеңе өщгерген жоқ. Ол – менің шәкіртім. Мәдениетте өз орнын шегелеп алған, қазақтың талантты қыздарының бірі. Оның кешірім сұрағанының өзі оның интеллектісінің, ақылының, кішіпейілдігінің белгісі. Өз басым ақылды қыздарды сыйлаймын. Оларға қашан да тілекшімін. Баянға да солай», – деді Теменов.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары