АҚШ-та қыз сәбиінің денесін шкафқа жасырған

/
АҚШ-та қыз сәбиінің денесін шкафқа жасырған

АҚШ-тың Кентукки университетінің студенті, кезінде бірнеше сұлулық байқауының жеңімпазы атанған қыздың адам шошырлық әрекетке барғаны белгілі болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Енді ол заң алдында жауап береді.

Лейкен есімді бойжеткен бала босанған соң бөлмесін тазалап, шкафтағы қоқыс қапшыққа шүберектер, сүлгілер және тазалық құралдарын салып қойған. Сол қапшықтың ішінен полиция қызметкерлері сәбидің өлі денесін тапты. Қазір нәрестенің өлім себебі анықталуда.

Студент қыз баланы өлтірмей, өлі туған күннің өзінде оған айып тағылды. Ол — мәйітті қорлау, айғақтарды жасыру және баланың туғанын жасырғаны үшін жауапқа тартылып отыр.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары