Ұлттық құрама футболшылары Уэльске қарсы ойын алдында Нұрлан имаммен кездесу өткізді (ВИДЕО)

/
Ұлттық құрама футболшылары Уэльске қарсы ойын алдында Нұрлан имаммен кездесу өткізді (ВИДЕО)

Кездесу жайында елге белгілі имам әлеуметтік желіде жазған, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Ертең кешкі 19:00-де Астана Аренада тап осы арлан Қазақстан құрамасы Уэльске осы футбол алаңында қарсы шығады. Бұл кездесуге біздің құрамамызды бас бапкер Әли Әлиев бауырымыз батырларымызды алып шығады. Бүгін ойыншыларымызбен кездесіп, бата беріп, жақсы ниетімді айттым! Ел намысы үшін олар барын салып, бақ пен бабы бірге өрлейтініне сенемін. Жігіттерімізге баршамыз дұғада болайық. Жаратқан жар болсын! Әумин! Алға, Қазақстан!", - деп жазды Нұрлан имам.

Еске салайық, Әлем чемпионаты-2026 іріктеу матчы аясында 4 қыркүйек күні сағат 19:00-де «Астана Арена» стадионында Қазақстан құрамасы Уэльс құрамасын қабылдайды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары