Темірлан Анарбеков тізесін жарақаттап алды – құрама бас бапкері

Темірлан Анарбеков тізесін жарақаттап алды – құрама бас бапкері
kff.kz

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Әли Әлиев әлем чемпионатына іріктеу аясында Уэльске қарсы өтетін кездесуде қақпашыларға қатысты сауалға жауап берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Алдымен медициналық тексеру нәтижелеріне қараймыз. «Оқжетпеске» қарсы ойында Темірлан Анарбеков тізесін жарақаттап алған. Мұхаметжан Сейсеннің де кішігірім жарақаты бар. Сондықтан біз қазір медициналық штабтың шешімін күтіп отырмыз. Иә, қазір бізде бас ауыртатын себеп бар – бізде мықты қақпашылар көп. Негізгі құрамға кімді шығару керек еенін бақылап, таңдау керек»,  – деді бас бапкер Meta-ratings.kz-ке берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, Уэльске қарсы кездесу 4-қыркүйекте «Астана Арена» стадионында сағат 19:00-де басталады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары