Тіс емханасының алдында адам атқан азамат сотталды

/
Тіс емханасының алдында адам атқан азамат сотталды
istockphoto.com

Жамбыл облысының Байзақ аудандық соты заңсыз қару сақтау және қаруды қолданып жасалған бұзақылық баптары бойынша қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Шілде айында Байзақ ауданындағы стоматологиялық емханасының алдында сотталушы мен жәбірленуші жанжалдасқан. Соңында сотталушы сөмкесінен атыс қаруын шығарып, жәбірленушіні кеудесінің сол жағынан бір рет атып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Сотталушы кінәні толық мойындады, жәбірленушімен татуласқанын және оған келтірілген залалды өтегенін көрсетті. Жәбірленуші сотталушыны кешіргенін айтып, соттан оны қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сұрады.

Сот үкімімен күдікті кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. ҚК 63-бабын қолдана отырып, тағайындалған жаза шартты деп танылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары