Ақтөбеде ауыл тұрғынынан 56 келі есірткі тәркіленді

/
Ақтөбеде ауыл тұрғынынан 56 келі есірткі тәркіленді
polisia.kz

Мәртөк ауданының полицейлері аудан ауылдарының бірінде тұратын азаматтың есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысы болуы мүмкін екенін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Күдіктінің тұрғылықты мекенжайында жүргізілген тінту барысында үй ауласынан 148 түп өсімдік табылып, тәркіленді. Сонымен қатар үй ішінен ерекше иісі бар өсімдік тектес зат салынған шелек те тәркіленді.

Тағайындалған сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар марихуана болып шықты. Жалпы салмағы 56 келі.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы (Сату мақсатын көздемей, есірткі заттарын заңсыз дайындау, өңдеу, иемдену, сақтау) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі таңда тиісті жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары