Қостанай – Рудный автожолында жүк көлігі мен маршруттық автобус соқтығысты. Екі көлік те Рудный қаласына қарай жүріп бара жатқан, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Алдын-ала деректер бойынша, апат бұрылу кезінде болған. Соқтығысу салдарынан автобус жүргізушісі мен үш жолаушы жарақат алды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, қажетті сараптамалар жүргізілгеннен кейін процессуалдық шешім қабылданады», – деп хабарлады Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция жүргізушілерге үн қатады:
Жол қозғалысы ережелерін сақтаңыздар.
Қала сыртындағы трассаларда маневр жасағанда аса мұқият болыңыздар.
Өз өміріңіз бен өзге жол қозғалысына қатысушылардың өмірін қатерге тікпеңіздер.