Семейде заң факультетінің студенті өмір бойына сотталды

/
Семейде заң факультетінің студенті өмір бойына сотталды
istockphoto.com

Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты зорлау, сондай-ақ жас балаларға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша 2004 жылы туған заң факультетінің студентіне қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Айыптау қорытындысына сәйкес, сотталушының Семей қаласында 2022 жылдың мамыры мен 2025 жылдың қаңтар айларында 12 және 13 жастағы жас балаларға қатысты жасаған қылмыстары анықталды.

Сотта мемлекеттік айыптаушы-прокурор сотталушыны қылмыстардың жиынтығы бойынша педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеумен байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Жәбірленушілердің заңды өкілдері мемлекеттік айыптаушы-прокурордың ұстанымен келісті.

Сотталушы өзіне тағылған айып бойынша кінәсін толық мойындамай, соттан оны ақтауды сұрады.

Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, қылмыстардың жиынтығы бойынша оған педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеумен байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемесінде өтейді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары