Ақтөбелік келіншек дәрігерге түкіріп жіберген

/
Ақтөбелік келіншек дәрігерге түкіріп жіберген
istockphoto.com

Ақтөбе қаласының ауданаралық сотында медицина қызметкерінің заңды қызметіне кедергі келтіру дерегі бойынша іс қаралды, деп хабарлайды turkystan.kz.

2025 жылғы наурыз айында Ақтөбе қаласының №3 қалалық емханасының ғимаратында болған азаматша А. өз қызметтік міндетін атқарып жүрген балалар офтальмологына қарай түкірген.

«ӘҚБтК-нің 80-1-бабының 2-бөлігінің санкциясында 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу көзделген. Сот отырысында азаматша А. өз кінәсін мойындамай, офтальмолог-дәрігерге құрметсіздік танытпағанын айтты. Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, сот азаматша А.-ны ӘҚБтК-нің 80-1-бабының 2-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, 117 960 теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы қабылдады», – деп хабарлады ведомство.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары