Қытайдан экологиялық талаптарға сай келмейтін жүк көліктері заңсыз әкелінген

/
Қытайдан экологиялық талаптарға сай келмейтін жүк көліктері заңсыз әкелінген
istockphoto.com

Бас көлік прокуратурасы экономикалық контрабанда дерегі бойынша жүк автомобильдерін әкелуге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қадағалау органы жүргізген талдау барысында елімізге Қытай Халық Республикасында өндірілген құны 150 млн теңгеден асатын, экологиялық талаптарға сай келмейтін жүк автомобильдерін жалған құжаттар арқылы заңсыз әкелу арнасы анықталды.

Қылмыстық істі Бас көлік прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы тергеп жатыр, кешенді тергеу әрекеттері жүргізілуде.

 

 

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары