«Ешкімге айтпадым»: Дариға Бадықова 15 жыл баспанасыз тұрған отбасыны қуантты

/
«Ешкімге айтпадым»: Дариға Бадықова 15 жыл баспанасыз тұрған отбасыны қуантты
скриншот

Актриса Дариға Бадықова әпкесіне үй сыйлады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесінің сөзінше, Таразға арнайы барып, әпкесіне үйдің кілтін сыйлаған. 

«Жарық көретін киномның желісі үйсіз қалған отбасы туралы еді. Бүгін 15 жылдан бері үйі болмаған әпкеме үй сылйағым келеді. Түрлі жағдай басынан өтті. Арнайы Таразға барып, әпкемізге табыстадық. “Ыстық ұя” фильмінің түсірілімінде үйсіз қалған отбасыға үй сыйласам деген ой келген. Бүгін арманым орындалып тұр. Ешкімге айтпай сюрприз жасадым. Бақыт әпке қуаныштан не істерін білмеді. Бір күлді, бір жылады. Қуанышты бөліссең көбейеді. Баршаңызға жұғысты болсын», – деп жазды актриса.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары