Қазақстандық дзюдошылар әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды

/
Қазақстандық дзюдошылар әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды
olympic.kz

Софияда (Болгария) дзюдодан кадеттер арасында әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан құрамасы бұл додада бес медальға қол жеткізді.

60 келіге дейінгі салмақта Ернұр Батырғали жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

66 келіге дейінгі салмақта Мұхаммедәлі Жылқайдар күміс жүлде еншіледі.

Ал 50 келіге дейінгі салмақта Арман Мыса, 66 келіге дейінгі салмақта Ролан Қайырғали және 90 келіден жоғары салмақта Әділжан Жаудинов қола медальға қол жеткізді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары